Беларуссия Украинадағы соғысқа қатысатын болды

1000

Ол өз елінің шекараларын қорғау үшін осындай қадамға барғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz Sputnik-ке сілтеме жасап.

Беларуссия Украинадағы соғысқа қатысатын болды

Александр Лукашенко бұл туралы сейсенбіде Қорғаныс министрлігінде өткен кеңесте мәлімдеді.

"Украинадағы арнайы әскери операцияға қатысуымызға келер болсақ, Беларусь қатысады. Оны жасырмаймыз. Бірақ біз ешкімді өлтірмейміз, әскерімізді ешқайда жібермейміз. Біз өз міндеттемелерімізді бұзбаймыз", – дейді Лукашенко.

Оның түсіндіруінше, Украинадағы соғысқа қатысу қақтығыстың Беларусь аумағына таралуына, сондай-ақ Польша, Литва және Латвия тарапынан арнайы операция деген жалаумен Беларуссияға соққы беруіне жол бермеуді меңзейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу