Мемлекетаралық ынтымақтастық аясында Ақмола облысына Беларусь Республикасынан делегация келді, деп хабарлайды strategy2050.kz.
Кездесу барысында инвесторлардың облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарында астық сақтауға арналған арнайы құрылыстарды салу жобаларын іске асыруға қатысу мүмкіндігі талқыланды.
Тараптар ең жаңа технологиялар бойынша гофрленген табақтан (мырышталған) болат силостарды өндіру елдің өсімдік шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, мұндай құрылыстарды салу мен қайта жаңартуға инвестициялық және операциялық шығыстарды азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кету керек, бұрын Ақмола облысы мен Нидерланд Корольдігі АӨК саласында ынтымақтастық жасау туралы келіскен болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу