Қазақстанда Беларусь ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін үш зауыт салады. Бұл туралы "АПК Новости" агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Басылым хабарлағандай, техникасына арналған кабиналар шығаратын заманауи зауыт салынады. Ақмола облысында-сепкіштер шығаратын зауыт. Қызылорда облысында тракторлар мен комбайндар өндірісі жолға қойылады.
"Беларусь тарапы кооперация тұрғысынан ынтымақтастық үшін біраз жобалар бар деп санайды. РБ-да агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін өсіру және қайта өңдеу бойынша бірқатар жобалар бар, оларға негізгі басымдылық берілген", - деп жазады агенттік.
2023 жылдың күзінде екі елдің премьер-министрлері Қазақстанның Беларусьпен бірлескен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жобаларын іске асыруда мықты әлеуетін атап өткен болатын. Сондай-ақ, Агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастық екі елдің экономикасына үлкен әсер ететіні айтылды.