Беларусь қазақстандық әскерилерді "Батыс-2021" оқу-жаттығуына шақырды

814

Беларусь елінің қорғаныс министрі Виктор Хренин қазақстандық әскерилерді "Батыс-2021" оқу-жатығуына шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  Беларусьтың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беларусь қазақстандық әскерилерді "Батыс-2021" оқу-жаттығуына шақырды

"Минскіде Беларусь Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хрениннің ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановпен ресми келіссөздері өтті. Кездесу барысында генерал-лейтенант Виктор Хренин Шығыс Еуропа және Орталық Азия Ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге деген көзқарастардың ұқсас екенін атап өтті. Ол Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастықтың деңгейіне жоғары баға беріп, қазақстандық контингентті "Батыс-2021" оқу-жаттығуына қатысуға шақырды", - делінген хабарламада.

Ресми сапар барысында Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы сонымен қатар Беларусь Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары генерал-майор Виктор Гулевичпен кездесті.

"Тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылап, оны өзара қызығушылық тудыратын салаларда қарқындату жолдарын белгіледі", - деп атап өтті БР Қорғаныс министрлігінде.

"Әсіресе, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларының саны мен сапасын арттыру, Беларусь Республикасының әскери оқу орындарында қазақстандық мамандарды оқыту бойынша мамандықтар шеңберін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу