Беларусь Қорғаныс министрі беларусь әскері Украинадағы соғысқа қатыспайтынын мәлімдеді

469

Бұған дейін Александр Лукашенко Беларусь 10-15 мың ресейлік әскери қызметшілерді қабылдай алатынын айтқан болатын.

Беларусь Қорғаныс министрі беларусь әскері Украинадағы соғысқа қатыспайтынын мәлімдеді

Беларуссияның Қорғаныс министрі Виктор Хренин Украинадағы соғысқа қатысу мүмкіндігін жоққа шығарды.  

"Біз литвалықтармен де, поляктармен де, украиндармен де соғысқымыз келмейді", – деді ол.

Министрдің мәлімдемесіне елдің көшбасшысы Александр Лукашенконың Беларусь бірнеше мың ресейлік әскери қызметшілерді орналастыратыны туралы хабарламасы себеп болды.

Беларусь елінің тәуелсіз әскери талдаушысы Александр Алесин Беларусь 10-15 мың ресейлік әскери күштерді қабылдап, өздерінің әскери күштерімен бірге 60 мың адамға дейін Біріккен контингент құра алады деп мәлімдеді.

Алайда ол Минск Украинаға әскер жібергісі келмейді деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу