Беларусь өз әскерилерін Ресейге жіберді

232

Беларусь бөлімшелері ресейлік полигондардың бірінде орналастырылмақ.

Беларусь өз әскерилерін Ресейге жіберді Фото: korrespondent.net

Беларусь Қарулы күштерінің зымыран әскерлері мен артиллерия бөлімшелерінің қызметкерлері Ресейге жіберілді. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның дерегінше, Беларусь өзінің артиллеристерін Ресейге "жауынгерлік қолдану мәселелерін пысықтау" мақсатында жіберді. 

"Бөлімшелермен зымыран соққыларын басқару бойынша бақылау сабағы өткізіледі. Оның ішінде Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің қарулануында тұрған зымыран кешендері мен дүркіндетіп ату реактивті жүйелерінен жауынгерлік ұшырулар бар", - делінген Беларусь қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу