Бұл туралы Беларусь басшысының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Тараптар қарым-қатынастарды дамытудың негізгі міндеттері мен перспективаларына тоқтала отырып, екіжақты қатынастарды егжей-тегжейлі талқылады. Сонымен қатар, жауапты вице-премьерлер мен сыртқы істер министрлері үшін міндеттер қойылды. Лукашенко мен Мирзиеёв жаһандық оқиғаларды "мұқият және байыпты" талқылады.
Күні кеше Александр Лукашенко Бішкекке ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесіне қатысу үшін келген болатын. Беларусь көшбасшысы Достастық шеңберіндегі өзара іс-қимылдың ең өзекті мәселелері бойынша Минскінің ұстанымы мен ұсыныстарын қорғайтын болады. ТМД елдерінің басшылары бірқатар бірлескен мәлімдемелер қабылдайды деп күтілуде.