Беларусь пен Ресей роумингтің күшін толық жоюға дайындалуда

174

Мұндай шешім туризмнің дамуына ықпал етеді.

Беларусь пен Ресей роумингтің күшін толық жоюға дайындалуда Фото: Pixabay.com

Беларусь пен Ресей одақтас мемлекетте роумингтің күшін толық жоюға дайындалуда. Бұл туралы Ресей СІМ басшысының орынбасары Михаил Галузин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мұндай шешім туризм мен адамдар арасындағы байланысқа оң ықпал ететініне сенімдіміз", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл тректегі негізгі жұмыс қазірдің өзінде аяқталды. Атап айтқанда, 2020 жылдың қарашасында тарифтердің айтарлықтай арзандағаны байқалды. Галузин сонымен қатар 2022 жылдың сәуірінде одақ мемлекетіндегі роумингке кіріс қоңыраулар үшін төлем алынып тасталғанын айтты.

"Қазір беларусь достарымызбен бірге одақтас мемлекет аумағында роумингті жою туралы кешенді шешім дайындап жатырмыз", - деп атап өтті РФ СІМ өкілі.

Ресей СІМ басшысының орынбасары қазір екі тарап та шығыс қоңыраулардың 300 минутынан және айына 20-25 гигабайт трафиктен аспайтын тарифтерді пайдаланудың орташа деректерінің қаржылық-экономикалық моделін есептеумен айналысатынын түсіндірді.

"Мұндай параметрлер ең үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді", — деп сендірді дипломат және екі елдегі "үй" тарифі деңгейінде байланысты пайдалану келесі жылдың сәуір айына дейін теңестірілетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Беларусь пен Ресей 1999 жылдан бері одақтас мемлекет құрып келеді. Қазіргі уақытта тараптар интеграция бойынша 28 одақтық бағдарламаны іске асыруды аяқтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу