Бұл туралы Ресейдің Парламенттік жиналысының заңнама және регламент жөніндегі комиссиясының төрағасы Виктор Пинский мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz.
Оның айтуынша, одақтас парламентшілер міндетті автокөлікті сақтандырудың жаңа жүйесі туралы модельдік заң жобасын жасау үшін ұзақ уақыт жұмыс істеген.
"Комиссияның бүгінгі отырысында жоба мақұлданды және 27 наурызда Псковта өтетін Парламенттік жиналыс кеңесіне ұсынылды. Кеңес заң жобасын келесі парламенттік сессияның күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылдайды деп үміттенеміз", ― деді ол.
Пинский сессия осы жылдың жазының басында өтетінін, кейін заң іске қосылып, автокөлік жүргізушілері бірыңғай сақтандыру рәсімдей алатынын атап өтті.