Беларусь премьері ҚР үкімет басшысына алғысын білдірді

555

Ол қос мемлекеттің екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсетінін мәлімдеді.

Беларусь премьері ҚР үкімет басшысына алғысын білдірді

Беларусь премьер-министрі Сергей Румас қазақстандық әріптесі Асқар Маминге хат жолдады. Ол белорус азаматтарын Қытайдан эвакуациялағаны үшін елімізге алғысын айтқан. Бұл туралы серіктес елдің үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Румас Беларусь Республикасының атынан қазақстандық тарапқа 2020 жылдың 2 ақпанында бес белорус азаматын арнайы рейспен эвакуациялауға атсалысқанын үшін рахмет айтамыз. Олар ҚХР-дың Хубей провинциясында дендеп кеткен жаңа коронавирус эпидемиясына байланысты Қытайдан кетуге шешім қабылдаған болатын",– делінген ресми мәлімдемеде. 

Сонымен қатар Румас Асқар Маминнің осы азаматтарды Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық мекемеге орналастырып, оларды екі апта бойы мамандардың бақылауында болуына бар жағдайды жасағанын атап өтіп, қос мемлекет екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтатынын тілге тиек етті.

Бұған дейін жарияланғандай, эвакуацияланған Беларусь азаматтары 14 күндік карантиннен кейін 19 ақпан күні ауруханадан шығарылған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу