Беларусь президенті АҚШ-ты айыптады

811

АҚШ билігі Беларусь президентін биліктен кетіруге қатысы болуы мүмкін. 

Беларусь президенті АҚШ-ты айыптады

Бұл туралы осы елдің мемлекет басшысы Александр Лукашенко айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" агентігіне сілтеме жасап.

Александр Лукашенко пікірінше, АҚШ оны биліктен кетіруге әрекет жасауы ықтимал.

"Президентті биліктен кетіру міндетін қоюы мүмкін… Мұндай міндетті олардан басқа ешкім қоя алмайды", - деді Беларусь президенті. 

Осыған дейін ол АҚШ барлау қызметінің оған және оның балаларына қастандық ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін деген еді.

"Мен Владимир Путинға алғысымды айтамын. Ол Джо Байденмен сөйлескен кезде оған сұрақ қойды. Жауап болған жоқ. Владимир Владимирович маған хабарласып, бұл туралы айтты. Онда мен Әзербайжаннан келіп жатқан едім", - деді Александр Лукашенко.

Сондай-ақ Беларусь президенті алдағы уақытта маңызды шешімдердің бірін қабылдайтынын мәлімдеген еді. Бұл туралы елдің БелТА ақпарат агенттігі хабарлады.

"Қазір олар маған не істей алады? Барлығы Лукашенконың арқасында тұр, оны кетіру керек дейді. Менің міндетім: бұған жол бермеу. Бұл – басты міндет. Жақын арада шешім қабылдап, оны сіздерге айтамын. Бұл билікте болған ширек ғасырдағы маңызды шешімдерімнің бірі болады. Тіпті, мен болмасам да, халық "менің өлігімнен соң" дейді ғой, олардың ойынан ештеңе шықпайды. Мен шешімді қабылдадым. Енді оны рәсімдеу керек. Бұл президенттің декреті болатын шығар", - деді Александр Лукашенко.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу