Беларусь президенті бұл елге аттап баса алмайтын болды

981

Қара тізімде 273 азаматтың аты аталады. 

Беларусь президенті бұл елге аттап баса алмайтын болды Фото: РБК

Эстония билігі 273 Беларусь азаматына, оның ішінде президент Александр Лукашенкоға ел аумағына кіруге мерзімсіз тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тиісті ақпаратты Эстонияның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған ERR мемлекеттік телерадиосы хабарлады.

"Санкциялар салынғанына бес жылға жуық уақыт өтсе де, Беларусьтегі жағдай жақсара қоймады. Біз жалғасып жатқан қуғын-сүргінге көз жұма қарай алмаймыз", – деді Маргус Цахкна.

Қара тізімде Лукашенкодан басқа, Беларусьтің жоғары лауазымды шенеуніктері, судьялар және қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің де аты аталады.

Таллин Минскіге қарсы санкцияларды алғаш рет 2020 жылы енгізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу