Беларусь президенті хоккей ойнаймын деп құлап қалды

289

Лукашенко жағдайы жақсы екенін хабарлады. 

Беларусь президенті хоккей ойнаймын деп құлап қалды Фото: belta.by

Беларусь президенті Александр Лукашенко хоккей ойыны кезінде мұз үстіне құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға республикалық хоккей лигасының матчы барысында болған. Минск қаласында Беларусь президентінің командасы мен Брест облысының құрамалары кездескен. Алаңның ортасында Лукашенко өз командасының мүшесі Ярослав Чуприспен соқтығысып қалған. Чуприс Беларусь басшысын байқамай қалған. Ол Лукашенконың орнынан тұруына көмектескен.

"Әдеттегі ойын жағдайы. Өзгелер қорықсын десең, өз адамыңды ұр. Бәрі дұрыс. Өзімді жақсы сезінемін. Тек арқа бұлшықеттерінің ауырсынуы бар. Келесі ойынға дайындалу үстіндемін", – деді Александр Лукашенкон.

Кездесу 5:5 есебімен аяқталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу