Беларусь Президенті Қазақстан мұнайы бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырды

956

А.Лукашенко Беларуське мұнай тасымалын ұйымдастыру үшін әлеуетті мүмкіндігі бар мемлекеттер арасында Қазақстанды бірнеше мәрте атап өткен болатын. 

Беларусь Президенті Қазақстан мұнайы бойынша келіссөздер жүргізуді тапсырды

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ел Үкіметіне Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласында Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуге уәкілеттік берді. Бұл туралы БЕЛТА-ға ел көшбасшысының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің жазуынша, Мемлекет басшысы Александр Лукашенко №27 жарлығымен Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласында Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде, сондай-ақ келісім жобасы және мақұлданған жоба шеңберінде уағдаластыққа қол жеткізілген жағдайда оған ол қою бойынша Беларусь Үкіметіне келіссөздер жүргізуге уәкілеттік берді.

"Бұған дейін А.Лукашенко Беларуське мұнай тасымалын ұйымдастыру үшін әлеуетті мүмкіндігі бар мемлекеттер арасында Қазақстанды бірнеше мәрте атап өткен болатын. Бұл мәселе сондай-ақ өткен жылдың қазан айында Беларусь мемлекеті басшысының Қазақстанға ресми сапары барысында талқыланған болатын", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу