Беларусь президенті Роза Рымбаеваны марапаттады

619

Беларусь президенті Роза Рымбаеваны марапаттады

Беларусь президенті Александр Лукашенко "Витебскідегі славян базары" фестивалінің салтанатты ашылу рәсімінде әнші Роза Рымбаеваға "Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке" арнайы марапатын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші бұл марапатты оның шығармашылығын мойындау деп қана емес, Қазақстанның өнеріне құрмет көрсету екендігін атап өтті.

"Беларусь пен Қазақстанның қарым-қатынасы әрдайым жылы болған. Біз оны жылдар бойы сақтап қалдық", - деді Роза Рымбаева. Ол барлық халыққа бейбітшілік, тыныштық және бақыт тіледі.

Роза Рымбаева - эстрада әншісі, актриса және педагог, Қазақстанның халық әртісі, Астананың құрметті азаматы. Оны Қазақстанның алтын дауысы және Орталық Азияның бұлбұлы деп атайды. Роза Рымбаева өзінің шығармашылық мансабында 18 жеке альбом шығарып, тоғыз музыкалық жинаққа атсалысқан.

 Айта кетейік, Беларусьтің Витебск қаласындағы "Жұлдыздар алаңында" қазақстандық танымал әнші Роза Рымбаеваның жұлдызы орнатылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу