Беларусь Республикасының Президенті Жаңа жыл алдында 22 сотталған азаматты рақымшылық жасау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Президенттің баспасөз қызметі рақымшылыққа ілінгендердің 20-сы экстремистік сипаттағы қылмыстар үшін сотталғанын жария етті. Олардың арасында 15 әйел және 7 ер адам бар. Сонымен қатар, 11 адамның кәмелетке толмаған балалары бар екені белгілі болды.
Рақымшылық жасалғандардың бәрі өз кінәсін мойындаған және жасаған әрекеттіне өкінетінін білдірген.
Шешім сотталғандардың отбасылық жағдайын және олардың оң мінездемелерін ескере отырып қабылданған.
Айта кетейік, мұндай ақпарат Беларусь президентінің ресми сайтында жария етілді.