Беларусь Ресей мұнайын иран мұнайымен алмастырмақшы

1074

Беларусь Ресей мұнайын иран мұнайымен алмастырмақшы

Беларусьтің "Белойл" компаниясы  Иранның ұлттық мұнай компаниясымен  80 мың тонна мұнай сатып алу туралы келісімшарт жасасты. Бұл туралы дереккөздерге сілтеме жасап Reuters хабарлады, деп жазады  ТАСС.

Бұл Беларусь пен Иран арасында мұнай жеткізу жөніндегі алғашқы мәміле, дейді агенттік.  "Белойл" мен NIOC өкілдерінен ол жайында мәлімет алу мүмкін болған жоқ.

Мұнай трейдерлері ортасындағы дереккөзге сенсек,  танкерлерге мұнай тиеу  20 ақпанға қарай басталуы мүмкін.  Жеткізудің логистикасы нақты белгісіз, дегенмен  иран мұнайы алдымен Қара теңіздегі Одесса портына, кейін  Балтық теңізіндегі Вентспилске жеткізіліп, содан соң  темір жолмен Беларуське жол тартуы ықтимал.

Бүгінде Беларусь Ресейден мұнай жеткізудің шектелуіне байланысты  мұнайдың баламалы  көздерін қарастырып жатыр. Үкіметке тиісті тапсырманы елдің президенті Александр Лукашенко берген. Былтыр ресей мұнайын жарым-жартылай әзербайжандық Socar алмастырған болатын. Аталмыш компания  Беларуське 560 мың тонна мұнай жөнелтті. Қаңтарда оны тасымалдау аяқталды, деп атап көрсетеді треккингтік мәліметтерге сілтеме жасаған агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу