"Шығыс шекарасына назар аударыңыз. Біз стратегиялық серіктестеріміз - Ресей Федерациясына қыр көрсетіп жатқан жоқпыз, тек негізгі емес жолдарды жабу үшін бірқатар қадамдар жасадық", - деді ол.
Вольфович автомобильдерді тексеру басталғаннан кейін бірқатар автомобиль жолдарындағы өткізу пункттерінде пайда болған кезектерге байланысты "баспасөзде аздап наразылық болғанын" атап өтті.
"Бірақ бұл [шекарада тексерулер енгізу] ең алдымен Беларусь Республикасының аумағында да, Ресейде де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған", — деп атап өтті Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы.
Мамыр айының басында Беларусьтің мемлекеттік шекара комитеті визаларды өзара тану туралы екіжақты келісімді іске асыру шеңберінде Ресеймен шекарада бақылау орнатқаны туралы хабарлады.