5 қарашада Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинге республиканың БРИКС-ке серіктес ретінде қосылуға дайындығы туралы хатқа қол қойды, деп хабарлайды агенттік.
Құжатты Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Рыженков Минсктегі Ресей елшісі Борис Грызловқа тапсырды.
Беларусь Сыртқы істер министрлігі жазбаша шақыруға ресми жауап беру мүше мемлекеттермен келісілген серіктес мәртебесін алу рәсімінің міндетті элементі екенін түсіндірді. Осы сәттен бастап ел ресми түрде БРИКС серіктесі болып саналады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу