Беларусь еліне баратындар саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі

109

Беларусь билігі шетел азаматтары үшін дактилоскопиялық тіркеуді міндеттейтін заң қабылдады.  

Беларусь еліне баратындар саусақ ізін тапсыруға міндеттеледі Фото: canva

Енді Беларусь еліне баратын Қазақстан азаматтары шекарадан өту кезінде саусақ ізін тапсырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Заңға сәйкес, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде шекаралық бақылаудан өтетін шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ депортациялауға, елден шығаруға немесе реадмиссия жөніндегі халықаралық шартқа сәйкес берілетін тұлғалар дактилоскопиядан өтеді", – делінген президенттің ресми сайтындағы хабарламада.

Дактилоскопиялық деректерді құқық қорғау органдары, соттар, ішкі істер және шекара қызметі пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу