Беларусь Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының толыққанды мүшесі болады

217

Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин мәлімдеді. 

Беларусь Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының толыққанды мүшесі болады Фото: ОНТ

Оның айтуынша, Беларусьтің ұйымға кіруі  3-4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында жүзеге асады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Минск ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде қосылуға өтініш берген болатын.

Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.

Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

ШЫҰ 2001 жылы құрылды. Қазіргі уақытта бұл ұйымның мүшелері 9 ел — Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Өзбекстан, Иран мен Тәжікстан. Ұйымға Беларусь, Ауғанстан мен Моңғолия бақылаушы елдер ретінде қатысады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу