Беларусь өз азаматтарының шекарадан шығуына жаңа шектеулер енгізбек

642

Беларусь елінің мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне Ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін азаматардың елден шығуын уақытша шектеу құқығы берілуі мүмкін. 

Беларусь өз азаматтарының шекарадан шығуына жаңа шектеулер енгізбек

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін республикадан кету тәртібі туралы заң жобасына енгізілген тиісті түзетулер 12 қазанда Беларусь парламентшілері бірінші оқылымында қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары Геннадий Казакевичтің айтуынша, "Беларусь азаматтарының шетелге шығу құқығын шектеу үшін жаңа негіздер енгізілуде – басқару тәртібіне қарсы Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оларға қатысты әкімшілік процесс жүргізіліп жатқан адамдарға шектеулер қойылады".

Жаңа заң жобасы айыппұл төлемей жүргендерді шетелге шығармау үшін жасалған.

Сонымен қатар Заң жобасымен Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне Ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін жеке тұлғалардың Беларуссиядан шығуын уақытша шектеу құқығы беріледі.

Бұл ретте Ұлттық қауіпсіздік мақсатында шекарадан асуға шектеу 6 айға дейінгі мерзімге көзделеді.

"Сонымен қатар еліміздің құзыретті органдары хабарлағандай, шет мемлекеттердің арнайы қызметтерінің әскери қызметшілер, қызметкерлер, әскери құралымдар мен әскерилендірілген ұйымдардың азаматтық адамдары мен мемлекеттік қызметшілер санатындағы Беларусь азаматтарына ерекше назар аударуына байланысты шетелге шығудың жаңа тәртібін енгізу жоспарлануда", – деді Казакевич.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу