Беларусь ШЫҰ-ға кірмек

664

Минск тиісті құжатты тапсырды.

Беларусь ШЫҰ-ға кірмек

Беларусь Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) кіру үшін өтінім берді. Бұл туралы бірлестіктің бас хатшысы Чжан Мин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Минск ШЫҰ-ға мүше мемлекет ретінде кіру үшін ресми түрде құжат тапсырды. Жақын арада бұған қатысты тиісті құқықтық рәсімдер басталады.

Чжанның айтуынша, Минск ШЫҰ құндылықтары мен принциптері Беларусь құндылықтарына сәйкес келеді деген қорытындыға келіп, осындай шешім қабылдаған. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – Ресей, Үндістан, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан кіретін халықаралық бірлестік. Беларусь 2015 жылдың шілдесінде бақылаушы ел мәртебесін алған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: sco-russia2020.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу