Беларусь тарапы өңдеуге қажетті өнімдерге де қызығушылық танытып отыр – Әсет Мағауов

1066

Беларусь басшылығы жергілікті мұнай өндіру зауыттарының Ресей шикізатына тәуелділігін төмендету үшін республикаға мұнай жеткізуді әртараптандыруға мүдделі. 

Беларусь тарапы өңдеуге қажетті өнімдерге де қызығушылық танытып отыр – Әсет Мағауов

Қазақстан мұнайын Беларуське жөнелту туралы келсімішартқа қазан айында қол қойылмайтын болды. Алайда энергетика вице-министрі Әсет Мағауов екі ел арасындағы мәміленің жыл соңына дейін сәтті аяқталатынына сенімді, деп хабарлайды altaynews.kz EADaily агенттігіне сілтеме жасап.

"Беларусь тарапы мұнайға ғана емес, газойль, мазут сияқты өңдеуге қажетті өнімдерге де қызығушылық танытып отыр.  Мұнай және мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 3,5 млн тонна (жылына-ред)", – дейді Әсет Мағауов.

Энергетика министрлігі басшысының орынбасарының айтуынша, екі елдің министрлігі мен "Белнефтехим" компаниясының арасында келісімшарт мәтіні толық мақұлданған. Ендігі жерде екі мәселе бар: біріншісі – Минсктің Қазақстан мұнай өнімдерін өзге бір елге қайта экспорттамау міндеттемелері туралы, екінші мәселе келісімнің күшіне енер уақытына байланысты болып отыр.

Бұған дейін хабарлағанғандай, Беларусь басшылығы жергілікті мұнай өндіру зауыттарының Ресей шикізатына тәуелділігін төмендету үшін республикаға мұнай жеткізуді әртараптандыруға мүдделі. Айталық, мамыр айында Александр Лукашенко бұрынғы елші Ермұхамет Ертісбаевтан қазақстандық мұнайды Белоруське жеткізу туралы келіссөздерді жандандыруды өтінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу