Беларусь Таулы Қарабақта жаңа елді мекен салады

293

Нысан Әзербайжанның Ағдам ауданында салынады деп жоспарлануда.  

 Беларусь Таулы Қарабақта жаңа елді мекен салады Фото: nedelia.az

Қарабақта Беларусь құрылысшылар үшін 420 отбасына арналған елді мекен салатын болады. Бұл туралы Беларусьтің сәулет және құрылыс министрі Руслан Пархамович хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, құрылыс саласында Беларусь пен Әзірбайжан баяғыдан ынтымақтасып келеді, бірақ бұған дейін тек қала құрылысы мен жобалық құжаттаманы әзірлеуге, нормативтік база мен технологиялармен алмасуға басты назар аударылып келді.

"Қазір біз жаңа маңызды қадамға келістік. Агроқалашық сияқты белгілі бір елді мекенді салуды жоспарладық. Біз ауыл шаруашылығы министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз, өйткені мұнда адамдарға жайлы баспана беріп қана қоймай, оларды лайықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету өте маңызды", — деді ол.

Нысан Әзербайжанның Ағдам ауданында салынады деп жоспарлануда. Елді мекен 420 отбасына арналған, ал оның архитектурасында "беларусьтік нышандар қолданылады".

"Тұрғын үй құрылысымен де, инфрақұрылыммен де айналысуды жоспарлап отырмыз: көлік, инженерлік және әлеуметтік нысандар саламыз. Әзірге сынақ түрінде бірнеше нысандардың құрылысын қолға аламыз. Алдағы бірнеше айда біз әріптестерімізге олар мақұлдайтын тұжырымдаманы әзірлеп, ұсынамыз және біз одан әрі белсенді жұмыс істейтін боламыз. Егер жұмысымыз жақсы деп бағаланса, құрылысты әрі қарай жалғастырамыз", — деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Таулы Қарабақ 2020 жылы Армениямен кезекті әскери қақтығыста жеңіске жеткеннен кейін Әзербайжанның құрамына кірді. Минск бірнеше рет Бакуге осы аймақты қалпына келтіруге көмектесуді ұсынды. 16-17 мамырда Александр Лукашенконың Әзербайжанға сапары барысында Беларусь "аумақтарды жандандыруға" белсенді қатысады деген келісімге қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу