Беларусь, Тәжікстан, Әзербайжан басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz
"Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көп жылғы мемлекеттік қызметін айрықша атап өтіп. Осы күнге дейін президент үлкен құрмет пен беделге ие болды. Рахмон Қазақстан басшысының тәжік-қазақ ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне үнемі көңіл бөлетінін сөз етті", – деп жазылған Тәжікстан президентінің баспасө қызметінің мәлімдемесінде.
Лукашенко өз құттықтауында Қасым-ЖомартТоқаевқа денсаулық, табыс тіледі.
"Сіздің кәсіби тәжірибеңіз, адами қасиетіңіз, саяси ерік-жігеріңіз бен бастамаларыңыз Қазақстан тұрғындарының құрметі мен сеніміне ие мемлекеттік қызметтің негізіне айналды", – деп тілегін білдірді Лукашенко.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев те мемлекет басшысын телефон арқылы құттықтады.
"Мемлекет басшылары екі ел арасындағы достық қарым-қатынас осы қарқында өрбитінін сенім білдірді", – деп жазылған Әзербайжан президенті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев өз туған күнінде кестеге сай әдеттегідей жұмыс істейді екен.
"17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған", – деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тағы парақшасында.
Табиғат Нұрболат