Беларусь Үкіметінің басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келмек

763

Мұнда ол Қазақстаннан мұнай жеткізу мәселесін талқылауға ниетті.

Беларусь Үкіметінің басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келмек

Беларусь Үкіметінің басшысы Роман Головченко 26-28 маусымда Қазақстанға жұмыс сапарымен келмек. Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz Sputnik Беларуссияға сілтеме жасап.  

Премьер-министр Асқар Маминмен кеңейтілген келіссөздер де өтеді.  

Беларусь үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, екіжақты құжаттарға қол қою да жоспарланған.  Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің қатарында Қазақстаннан Беларуське мұнай жеткізу туралы келісім бар.  Сондай-ақ, Беларусь премьер-министрінің бірқатар қазақстандық кәсіпорындарға бармақ.  

Роман Головченко Астана халықаралық қаржы орталығы мен Қазақстанның Ұлттық музейіне де барады. Биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан Министрлер Кабинетінің басшысы Асқар Мамин Беларуське сапармен барған, онда ол ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысып, Роман Головченкомен келіссөздер өткізген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу