Беларусь Украина шекарасында қосымша бөлімшелер ашып, барлау жұмыстарын жүргізуде

516

Украина тарапы Беларусь аумағынан зымыран-авиациялық соққы жасалуы мүмкін деп отыр. 

Беларусь Украина шекарасында қосымша бөлімшелер ашып, барлау  жұмыстарын жүргізуде Фото: reuters.com

Беларусьтың Қарулы Күштері Украинамен шекаралас аймақта барлау жұмыстарын жүргізіп, қосымша бөлімшелер ашуда. Бұл туралы Украинаның Қарулы Күштерінің Бас штабы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz Униан агенттігіне сілтеме жасап. 

"Волынский және Полесский бағыттарында Беларусь Республикасының Қарулы Күштері қарқынды түрде барлау жұмыстарын жүргізуде, Гомель облысының шекаралас аудандарында қосымша бөлімшелер ашылуда. Беларусь Республикасының аумағынан зымыран-авиациялық соққы жасалады деген қауіп сақталып отыр", – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін Украина Қорғаныс министрлігінің спикері Александр Мотузяник "Беларусь әскерінің 7 шақты батальоны Брест және Гомель облыстарында Украинамен арадағы шекараны нығайтумен айналысып жатыр" деп айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу