Беларусьтен сотталған Қазақстанның екі азаматы экстрадицияланды

502

Қазір олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Беларусьтен сотталған Қазақстанның екі азаматы экстрадицияланды Фото: google

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді, деп жазады inbusiness.kz.

"Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының азаматтары "К" және "М" беру туралы сұранысын қанағаттандырды", - делінген ҚР Бас прокуратурасы хабарламасында.

Азамат "К"  Беларусьте аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат "М" жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу