Беларусиядан сиыр еті қайтарылды

181

247 автокөлік қайтарылды, 69 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды және айыппұл салынды. 

Беларусиядан сиыр еті қайтарылды Фото: inbusiness.kz

"Жаңа жол" ветеринариялық бақылау бекетіне (Солтүстік Қазақстан облысы) 2024 жылғы 12 мамырда Беларусь Республикасынан (Минск облысы, "Несвижск Агрокомбинаты" ЖАҚ) Қазақстан Республикасына бағытталған 16,136 кг көлемінде жүк (сиыр еті) келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құжаттамалық бақылау жүргізу барысында ветеринариялық инспектор ветеринариялық сертификаттарда көрсетілген ақпаратта Кеден одағы кәсіпорындарының тізіліміндегі деректермен сәйкессіздіктерді анықтады.

Ветеринариялық сертификаттардың деректеріне сәйкес, Кеден одағының тізілімінде белоруссиялық кәсіпорны үшін көрсетілген қызмет түріне сәйкес келмейтін өзге мал шаруашылық өнімдері әкелінді.

Анықталған бұзушылықтарға байланысты жүк жөнелтушіге қайтарылды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап ветеринариялық бақылау инспекторлары мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын 17 000 автокөлік құралына тексеру жүргізді. Олардың ішінде:

  • импорттық операциялар кезінде 12 059 автокөлік тексерілді.
  • транзиттік операциялар кезінде 4 941 автокөлік құралы тексерілді.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу