Беларуське ақпаннан бері 40 мың украиналық көшті

572

Ресейге кеткендердің саны – шамамен 1 625 531.

Беларуське ақпаннан бері 40 мың украиналық көшті

2022 жылдың ақпан айынан бері Беларусь еліне Украинаның 40 мыңға жуық азаматы көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Елдегі мемлекеттік шекара комитетінің мәліметінше, 24 ақпан мен 15 шілде аралығында 39 056 украиналықтың бұл елге қоныс аударғаны тіркелді. 

Украина пен Беларусь арасындағы шекара арқылы 15 845 адам, Польша арқылы транзитпен 19 616 адам, Литва арқылы 3 015, Латвия арқылы 577 адам келген. 

БҰҰ дерегіне сүйенсек, қазір Польшада шамамен 1,2 миллион, Германияда 900 мың, Чехияда 391 мың, Түркияда 150 мың, Италияда 150 мың, Молдова, Румыния және Словакияда 80 мыңнан астам украиналық босқын бар. 

Ресейге кеткендердің саны – шамамен 1,6 миллион.

Табиғат Нұрболат

Фото: oecd-development-matters.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу