Беларуське мұнай сатуды Ресей шешеді

782

Өйткені мұнай тасымалдау Ресейдің құбыры арқылы жүргізіледі.

Беларуське мұнай сатуды Ресей шешеді

Қазақстан Белорусь еліне мұнай жеткізуге дайын, деп хабарлайды БелТА. Бұл туралы Қазақстанның Белоруссиядағы елшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді.
Алайда ол Қазақстан Ресеймен мұнай құбыры бойынша транзит мәселесін келісуі керек екенін ескертті.
"Күні кеше Қазақстандағы Беларусь елшісі Ничкасов мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу бойынша салалық ведомствомен өте маңызды келіссөз жүргізді. Қазақстанда мұнай мен мұнай өнімдері жеткілікті болғандықтан, біз оны Беларуське жеткізуге дайынбыз", - деді Ермұхамбет Ертісбаев.
Елшінің айтуынша, Қазақстан мен Беларусьтің арасындағы мұнайға байланысты келісімді Ресей жасайды. Өйткені мұнай тасымалдау Ресейдің құбыры арқылы жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу