Ryanair ұшағына қатысты оқиғадан кейін бірқатар ел Беларусьпен арадағы әуе қатынасын тоқтата бастады немесе әуе компанияларына бұл елдің әуе кеңістігіне кірмеуге кеңес берді. ЕО саммитінде беларустық әуе компанияларға ЕО әуежайларына рейс жүргізуге және ЕО аумағынан ұшуға тыйым салу туралы шешім қабылданды.
25 мамырға дейін Украина, Британия, Литва, Латвия, Сингапур, Германия, Нидерланд, Франция, Финляндия, Австрия, Польша, Испания, Жапония, Эстония, Швеция елдері әуе байланысын тоқтатты.
Еске сала кетсек, 23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген болатын. Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін, Беларусь қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады. Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. Протасевичке экстремистік ұйым құрды және 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.
Табиғат Нұрболат