Беларусьпен келісімшарт отандық компанияларға тиімді болса ғана жасалады – министр

719

Энергетика министрі Белорусь тарапымен мұнай тасымалы бойынша жоспарланған кездесудің жай-жапсарын түсіндірді.

Беларусьпен келісімшарт отандық компанияларға тиімді болса ғана жасалады – министр

Мұнай тасымалы бойынша Қазақстан мен Белорусь тарапы 20 қаңтарға дейін кездеседі, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

"Бізге ""Белнефтехимнен" өтініш түсті. Аталған ведомства өкілдері мұнай бойынша мәселелерді талқылау үшін Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Қазіргі кезде біз қара алтынды әр түрлі бағыттар бойынша тасымалдаудамыз. Сондықтан Беларусь тарапының ұсыныстарын қарастырамыз. "БелМұнайХим" өкілдері осы айдың 20-сына дейін келеді деп жоспарланған",– деді Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар министр Беларусь кәсіпорынымен келісімшарт отандық компанияларға экономикалық тұрғыдан тиімді болса ғана жасалатынын айтты.

"Біз қорларға иелік ететін компаниялармен кездесу ұйымдастырамыз. Егер бағалар мен шарттар оларды қанағаттандырарлықтай экономикалық тұрғыдан тиімді болып, қайсыбірі қызығушылық танытса келісімшарт жасалуы мүмкін",– деді Нұрлан Ноғаев журналистерге Парламент кулуарларында берген сұхбатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу