Беларуссиялықтар визасыз қалуы мүмкін

587

Еуропарламент беларуссиялықтарға визалық шектеулерді енгізуді ұсынды. 

Беларуссиялықтар визасыз қалуы мүмкін

Еуропалық Парламентке ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Хосеп Боррел мен ЕО-ға төрағалық ететін Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийге Ресей мен Беларуссиядан келген әскери қызметшілерге кіру визаларын беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгізілді. Бұл туралы Эстониядан келген еуродепутат Урмас Пает айтты.

Оның айтуынша, ресейлік туристерге "бүкіл Еуропалық Одақта туристік визалар беруге тыйым салуы керек".

Сонымен бірге кіру визаларын беруге тыйым Ресей мен Беларусь үкіметтерінің барлық әскери қызметшілері мен шенеуніктеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне әсер етуі керек екенін атап өтті.

Украинадағы әскери шабуылдар басталғалы бері Ресей мен Беларусь батыс елдерінің қатаң санкциялар қысымына ұшырады. 12 қыркүйекте Ресей мен ЕО арасындағы жеңілдетілген визалық режим жойылды.

Динара Мұрат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу