Беларусьта 240 ереуілші қамауға алынды

565

Елдегі бас көтерулердің басталғанына 72 күн болды.

Беларусьта 240 ереуілші қамауға алынды

Беларусьта 18 қазанда ұйымдастырылған наразылық шаралары кезінде 240-тан астам адам қамауға алынды. Бұл туралы ресми түрде тіркеуге алынбаған "Весна" деп аталатын құқық қорғау орталығы мәлім етті. 

Жексенбіде оппозиция елдің бірқатар қаласында көшеге шығып ереуілдеткен еді. Құқық қорғаушылар тәртіп сақшылардың қолына түскендердің санын әлі де анықтап жатыр. Қамалғандардың басым бөлігі – Минск, Светлгорск, Брест, Витебск, Жодино, Фаниполи, Сморгони, Новополоцк, Дзержинск қалаларының тұрғындары.

Ескере кететін жайт, Беларусьтағы ереуілдердің басталғанына осымен 72 күн болды. 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін халық бас көтеріп, қазіргі президент Александр Лукашенконың биліктен кетуін талап еткен еді. Полицейлер мен ереуілшілер арасындағы қақтығыс кезінде алғашқы күндері 6,7 мың адам қамалған болатын. Елдің ІІМ сол кездегі тәртіпсіздіктер салдарынан жүздеген ереуілшінің,  құқық қорғау органдарының 130 қызметкерінің жарақат алып, 3 адамның қаза болғанын мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу