Беларусьта ұсталған ереуілшілердің саны мыңнан асты

450

Олардың басым бөлігі Минск қаласында қамауға алынған.

Беларусьта ұсталған ереуілшілердің саны мыңнан асты Фото: tass.ru

Беларусьтың құқық қорғау органдары 8 қарашадағы наразылық шарасына қатысқан мыңнан астам адамды қамауға алды. Бас көтерулер ел астанасы мен бірқатар қалада болды. 

"Весна" деп аталатын жергілікті құқық қорғау орталығының дерегіне сүйенсек, нақты 1003 адамның қолға түскені анықталған. Олардың басым бөлігі Минск қаласының, бірнешеуі Бобруйск, Витебск, Жлобин, Гомель қалаларының тұрғындары. 

Еске сала кетсек, 8 қарашада Минск қаласында оппозиция өкілдері "Марш народовластия" деп аталатын шеру өткізген болатын. Бірақ олар өзара келісімге келе алмай, арты ереуілшілер арасындағы қақтығысқа ұласып кетті. Көп ұзамай полицейлер бас көтергендерді қамауға ала бастады. Ресми дерек бойынша, қала көшелеріне бірнеше мың адам жиналған.  

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу