Беларусьтағы ереуіл кезінде 500-ден астам адам ұсталды

559

40-тан астам БАҚ қызметшісі қамалған.

Беларусьтағы ереуіл кезінде 500-ден астам адам ұсталды Фото: reuters.com

11 қазанда Беларусьтың бірқатар қаласында өткен наразалық шарасы кезінде құқық қорғау органдары 585 адамды қамауға алған. Бұл туралы ресми түрде тіркелмеген "Весна" деп аталатын құқық қорғау орталығы хабарлады. 

Ұйымның сайтында 585 ереуілшінің есімі жарияланған. Сонымен қатар 40-тан астам БАҚ қызметкері де ұсталған, бірақ кейін олардың басым бөлігі бостандыққа шықты. 

Наразылық шаралары Березовка, Брест, Бобруйск, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Кобрин, Могилев, Молодечно, Пружаны, Солигорск қалаларында өткен. Минск қаласында оппозиция "Марш гордости" ереуілін ұйымдастырмақшы болды, бірақ құқық қорғаушылар бұған жол бермеген.

Еске сала кетсек, 9 тамызда өткен сайлаудан кейін Беларусьта ереуілдер шарпыды. Бастапқыда құқық қорғаушылар наразы топты тарқату үшін көзді жасаурататын газ, суатқыш, резеңке оқ қолданған. Ресми дерек бойынша, 7 мыңға жуық адам қамауға алынған. Тәртіпсіздіктер салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын, 130 құқық қорғаушы жарақат алып,  3 адам қаза тапқан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу