Беларусьте әскери нысандар туралы ақпарат Pokemon GO ойынының көмегімен жиналып келген

228

Беларусьте барлау ақпараты бұрын Pokemon GO ойынының көмегімен жиналған. 

Беларусьте әскери нысандар туралы ақпарат Pokemon GO ойынының көмегімен жиналып келген Фото: Виртуальный Брест

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі идеологиялық жұмыс бас басқармасының бөлім бастығы Александр Иванов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, басқа елдердің арнайы қызметтерінің Беларуське деген қызығушылығы әрдайым болған. Осыған байланысты ол он жыл бұрын "барлық жасөспірімдер, балалар телефоннан бас алмаған кезде" танымал болған Pokemon Go ойынын еске алды.

"Сіз камераны қосасыз, толықтырылған шындық әлеміне енесіз және сіз сирек кездесетін покемонды іздейсіз, коллекцияға жинайсыз. Сол кезде ең көп покемон қай жерде табылды деп ойлайсыз? Ұшу-қону жолағы орналасқан, түрлі авиациялық әскери техниканың жиналған жері – 50-ші авиациялық базаның аумағында табылды. Ең көп покемон сол жерде табылды. Бұл барлау ақпараты демегенде немене?" – деді Иванов.

Бұған дейін Беларусь арнайы қызметтері Жапония азаматының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Ол елдегі әлеуметтік-саяси жағдай туралы, "Бір белдеу–бір жол" бастамасын іске асыру туралы ақпарат жинаумен айналысқаны, әскери инфрақұрылымды суретке түсіргені, сондай-ақ Беларусь-Украина шекарасында болып жатқан оқиғалар туралы деректерді бергені атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу