Беларусьте цифрлық рубль енгізіледі

444

Беларусьте цифрлық рубль үш кезеңмен енгізіледі. 

Беларусьте цифрлық рубль енгізіледі Фото: Белтелерадиокомпания

Бұл туралы республиканың Ұлттық Банкі жариялаған 2023-2025 жылдарға арналған төлем нарығын дамыту және банк секторын цифрландыру тұжырымдамасында айтылған, деп жазады Inbusiness.kz.

Бірінші кезеңде цифрлық беларусь рублінің (ЦБР) платформасының демонстрациясы жасалады деп хабарланды. Сонымен қатар, ел ішінде заңнамаға өзгерістер дайындала бастайды. Бұған қоса, Беларусь ЕАЭО серіктестерімен бірлесіп цифрлық валютадағы трансшекаралық төлемдер бойынша тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлейді.

"Беларусь үшін ЦБР енгізудің негізгі артықшылықтарының бірі ұлттық цифрлық валюталарда трансшекаралық төлемдерді жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді кеңейту", — деп атап өтті Ұлттық Банкте.

Екінші кезеңде олар ЦБР платформасын әзірлейді және оның аудитін жүргізеді. Сонымен қатар, заңды тұлғалар (резиденттер мен резиденттерге жатпайтындар) арасындағы трансшекаралық төлемдер мен аударымдар жүйесі тексеріледі.

Үшінші кезең платформаны пысықтауды қамтиды, содан кейін жеке тұлғалар, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар, жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы транзакциялар қолданылады. Смарт-келісімшарттардың функционалдығы да нақтыланады.

"Кезең қорытындысы бойынша ЦБР платформасын толыққанды енгізу жоспарлануда", - тұжырымдамада атап өтілген.

Алайда цифрлық валютаны, оның ішінде осы жобаның жекелеген кезеңдерін енгізудің нақты мерзімдері Ұлттық Банктің құжатында көрсетілмеген.

Бұған дейін тест режимінде цифрлық рубльді Ресейде қолдануға тырысқан. Ресей Федерациясының Орталық Банкі экспериментті 2022 жылдың 15 ақпанынан 1 қыркүйегіне дейін жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу