Беларусьте қарапайым халыққа дрондарды қолдануға тыйым салынды

462

Тиісті Жарлыққа Александр Лукашенко қол қойды.

Беларусьте қарапайым халыққа дрондарды қолдануға тыйым салынды Фото: Lenta UA

Беларусьте жеке тұлғаларға дрондарды әкелуге, сақтауға және пайдалануға тыйым салынады, деп жазады inbusiness.kz.

"Құжат қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтық ұшқышсыз ұшу аппараттары мен авиамодельдерді мемлекеттік есепке алу, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін бақылауға бағытталған", — делінген Беларусь көшбасшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

"Азаматтық пилотсыз ұшу аппараттарын мемлекеттік есепке алу және пайдалану туралы" жарлыққа сәйкес, ҰҰА-ны әкелуге, сақтауға, айналымға, пайдалануға және дайындауға тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге" жарлықтағы талаптарды сақтай отырып, кәсіпкерлік және кәсіби мақсатта ғана" рұқсат етіледі. Елге ҰҰА әкелу үшін көлік министрлігінің авиация департаментінен рұқсат алу қажет болады.

Бұдан басқа, республикада заңды тұлғаларға және (немесе) ЖК-ге тиесілі азаматтық ҰҰА-ны мемлекеттік есепке алудың автоматтандырылған жүйесі пайда болады. Жарлық ресми жарияланған сәттен бастап алты ай ішінде дрондары бар жеке тұлғалар оларды ұйымдарға немесе жеке кәсіпкерлерге сата алады немесе Үкімет белгілеген уәкілетті ұйымға сақтауға бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу