Беларусьте McDonald's өз атауын өзгертеді

506

Ресейден кеткен McDonald's компаниясы енді Беларусь нарығына үлкен үміт артатын сияқты. 

Беларусьте McDonald's өз атауын өзгертеді Фото: DW

McDonald's бренді Mak.by жергілікті маркасын тіркеуге өтініш берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Беларусь Ұлттық зияткерлік меншік орталығына сілтеме жасай отырып.

Өтінішті Беларусь McDonald's желісінің басқарушысы "КС Виктори мейрамханалар" компаниясы берді.

Жаңа брендтің сыртқы бейнесі де өзгерді. "Mak.by" жазуын жасыл, сұр түсті фонда жүректің контурына ұқсас суретпен бейнеленеді.

2022 жылдың қараша айынан бастап Беларусьтегі McDonald's "Біз ашықпыз" белгісімен жұмыс істеп келгенін еске саламыз. Тиісті логотип "КС Виктори мейрамханалар" әлеуметтік желілерінде де жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу