Беларусьте мерзімінен бұрын президент сайлауы басталды

825

8 тамызға дейін жалғасады.

Беларусьте мерзімінен бұрын президент сайлауы басталды

4 тамызда Беларусьте мерзімінен бұрынғы президент сайлауы басталды. 5500 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Саяси дода 8 тамызға дейін жалғасады. Елдің орталық сайлау комитетінің мәліметінше, 6,8 миллион дауыс беруші тіркелген екен. Бұл жолы коронавирус пандемиясына байланысты әр бөлімшедегі бақылаушылардың саны 3-ке дейін қысқартылды, осыдан аспауы керек.Басқа елдердегі Беларусь азаматтары үшін 44 сайлау орыны ашылды. 

Биылғы саяси тартысқа түсетіндер: қазіргі президент Александр Лукашенко, "Говори правду" қоғамдық қозғалысы төрағаларының бірі Андрей Дмитриев, парламенттің төменгі палатасының бұрынғы депутаты Анна Канопацкая, саясаткер Светлана Тихановская мен "Белорусская социал-демократическая Грамада" партиясының төрағасы Сергей Черечень. 

2015 жылған болған соңғы президент сайлауында мерзімінен бұрын халықтың 36,05% дауыс берген болатын. Ол уақытта сайлауға тұрғындардың 86,22% келді. Оның 83,5% дауыстарын Александр Лукашенкоға берген еді.

Табиғат Нұрболат
Фото: vgr.by

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу