Беларусь елінде мобилизация болмайды. Бұл туралы бүгін, 23 қыркүйекте "Хатынь" мемориалдық кешеніне барған Александр Лукашенко мәлімдеді.
"Мобилизация тек Ресейге қатысты дүние. Шу шығарып жүргендерге айтарым, ешқандай мобилизация болмайды. Бәрі өтірік", – деді А.Лукашенко.
Сонымен бірге ол Беларуссияда ықтимал қауіп-қатерлерге, террористік шабуылдарға міндетті түрде жауап берілетінін атап өтті. Сондықтан "адамдар өз міндеттерін білуі үшін әрі қажетті әскери дағдыларға ие болуы үшін" милицияның қатысуымен әртүрлі жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады.
Сонымен қатар Лукашенко Беларуське қарсы бағытталған ақпараттық соғысқа төтеп беру қажеттілігін еске салды.
Динара Мұрат