Беларусьте Нобель сыйлығының лауреатына үкім шығарылды

530

Нобель сыйлығының лауреаты Алесь Беляцкийді Беларусь соты 10 жылға бас бостандығынан айырды. 

Беларусьте Нобель сыйлығының лауреатына үкім шығарылды Фото: euroradio.fm

Тиісті шешімді бүгін Минск қаласының Ленин ауданының соты шығарды, деп жазады Inbusiness.kz.

Айыпталушылар арасында Беляцкий, Владимир Лабкович, Валентин Стефанович және Дмитрий Соловьев болды. Олардың үшеуі — Беляцкий, Стефанович пен Лабкович қамауда, Соловьев елден тыс жерде болғандықтан, оның соты сырттай өтті. Сот үкіміне сәйкес, Стефановичке 9 жыл, Лабковичке 7 жыл, ал Соловьевке 8 жыл тағайындалды.

Беляцкий 2016 жылдың сәуірінен 2021 жылдың шілдесіне дейін ұйымдасқан топтың құрамында басшы ретінде, Минскі мен жалпы Беларусьтегі, сондай-ақ Литва мен Польшадағы кедендік рәсімдеу пункттерінде әрекет етіп, елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін шекара арқылы қомақты қаржы өткізді деп айыпталды. 2022 жылы ол ресейлік және украиналық құқық қорғау ұйымдарымен бірге Нобель сыйлығының лауреаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу