Беларусьте шетелдік БАҚ-қа қарсы санкцияларды көздейтін заң дайындалуда

446

Беларусь республикадағы тіркелген шетелдік БАҚ жұмысына әсер ететін заңнаманы қабылдауы мүмкін. 

Беларусьте шетелдік БАҚ-қа қарсы санкцияларды көздейтін заң дайындалуда Фото: FreightWaves

Бұл туралы адам құқықтары, ұлттық қатынастар және бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Лилия Ананич хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Нақтырақ айтсақ, Беларусь парламентшілері "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңға түзетулер енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Құжатта кейбір беларусьтік БАҚ материалдарының таралуына кедергі келтіретін басқа мемлекеттердің санкцияларына қатысты жағдай қарастырылады. Мұндай жағдайда республиканың ақпарат министрлігі журналистері Беларусьте аккредиттелген шетелдік БАҚ бойынша шешім қабылдауға әбден құқылы дегенге саяды.

Ананичтің айтуынша, билік азаматтардың толық әрі сенімді ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуі, сондай-ақ "ұлттық қауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұруы" керек.

"Ұлттық қауіпсіздікке бұрын-соңды мұндай қауіп төнген жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ, депутат түзетулер ақпарат министрлігіне "деструктивті сын-қатерлер мен қауіптерге" дер кезінде ден қоюға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, егер басқа елдер Беларусь бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы санкцияларды алып тастаса, республикада да оған ұқсас шектеулер алынып тасталады. Сөз соңында Ананич Ресей тәжірибесінде мұндай шаралар қолданылғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу