Бұл туралы Александр Лукашенко Брест облысына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
Оның айтуынша, Илон Маск миллиардтаған доллар жұмсаған Starlink-ке ұқсас жүйені бір әскери маман құрып шыққан.
Лукашенко атап өткендей, "бұл жүйе Starlink принципі бойынша жұмыс істейді". Жаңа жүйені құрған әскери ол арқылы байланыс орнатып қана қоймай, Интернетке қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік беретініне назар аударды.
"Минскіде бір жерде интернетке кіру нүктесі бар: ол спутниктік байланыс станциясы арқылы таратылады, осында шығады және Wi-Fi маршрутизаторы арқылы интернетті таратады", — деп түсіндірді маман жұмыс принципін.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу