Бұл туралы республика Қорғаныс министрліктеріне хабарланды, деп жазады Inbusiness.kz.
ҰҚШҰ-ның "Жауынгерлік бауырластық-2023" бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы Беларусь аумағында 1-6 қыркүйек аралығында өтеді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Оның аясында "Өзара іс-қимыл", "Іздеу", "Эшелон" және "Тосқауыл" атты төрт бірлескен және арнайы оқу-жаттығу өткізу жоспарланды. Іс-шаралар Брест, Гродно және Минск облыстарының полигондарында өтеді. Жаттығуға қатысатын әскери контингенттер ертең Беларуське жіберіле бастайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу