Беларусьте ҰҚШҰ-ның бірнеше жаттығуы өтеді

567

Беларусьте 2023 жылы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бастауымен үш жаттығу өтеді. 

Беларусьте ҰҚШҰ-ның бірнеше жаттығуы өтеді

Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Александр Лукашенкомен кездесуден кейін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Беларусь көшбасшысымен кездесу мазмұнды әрі нәтижелі болды, ҰҚШҰ-ның одан әрі қызметіне баса назар аудара отырып, өзекті мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

"Александр Григорьевич біздің ұйым қызметінің өте күрделі мәселелеріне назар аударды. Ең алдымен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің одақтастық өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын нығайтудың халықаралық қатынастар мен сыртқы қауіптердің жүйелі дағдарысы кезіндегі аса маңыздылығын атап өтті",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты ол Беларусьте 2023 жылы үш "Өзара әрекеттесу", "Эшелон" мен "Іздеу" жаттығуларын өткізу жоспарланғанын мәлімдеді. Бұдан басқа, ұйым шеңберінде халықаралық терроризмге және трансшекаралық қылмысқа, есірткі тасымалына, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жүйесі жетілдірілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу