Беларусьтегі келесі президент сайлауына Лукашенко қатыса ма?

181

Беларусь Республикасындағы президент сайлауы 2025 жылдың 26 ​​қаңтарына белгіленген. 

Беларусьтегі келесі президент сайлауына Лукашенко қатыса ма? Фото: РБК

Елді 30 жыл басқарған Александр Лукашенко жетінші рет сайлауға түсу ниетін әлі ресми түрде жариялаған жоқ, бірақ Беларусь конституциясы бұған тыйым салмайды, сондықтан пікір білдірушілердің көпшілігі ол мұндай мүмкіндіктен бас тартпайтынын айтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2020 жылдың тамызындағы алдыңғы сайлау тәуелсіз Беларусь тарихында оппозиция өкілдеріне қарсы ең үлкен наразылық пен репрессиялық науқан аясында өтті.

2001 жылдан бері халықаралық қауымдастық Беларусьтегі сайлау процесін еркін әрі әділ деп бірде-бір рет таныған жоқ.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылы Александр Лукашенко сайлаушылардың 80%-ның қолдауына ие болған-ды. Еуропалық Одақ, АҚШ мен әлемнің бірқатар елдері бұл нәтижені мойындамайды.

Орталық сайлау комиссиясы оппозициялық блогер әрі саясаткер Сергей Тихановскийді тіркемеген соң оның әйелі Светлана Тихановская президенттікке үміткер болды. Оппозиция Тихановская сайлауда көпшілік дауысқа ие болды деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу